«Рәміздерім- мақтанышым» » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Рәміздерім- мақтанышым»
16
июнь
2022

«Рәміздерім- мақтанышым»

Мектепте рәміздер күніне орай «Рәміздерім- мақтанышым» тақырыбында
іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу- Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиеті борышы! Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу –елді, халықты тарихты,әдет-ғұрыпты ,салт –дәстүрді қастерлеу болып табылады.Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына байланысты «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінде салтанатты жиын өткізілді. Іс шара барысында балалардың рәміздер туралы түсініктерін нығайтылып, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандырылды. Лагерьге қамтылған балаларды және тәрбиешілерді мектеп директоры Э.А.Бекжанова осы ұлы мерекемен құттықтап, өзінің жылы лебіздерін білдірді.Сондай-ақ,балаларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, патриотизмге тәрбиелей отырып, өз халқына адал қызмет етуге, еліміздің Туын , Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге, құрметтеуге шақырды. Балалар мемлекеттік гимнді орындап, флешмоб биледі. «Рәміздерім- мақтанышым» тақырыбында сурет байқауы, викториналық ойындар өтті.Сонымен қатар, «Андас батыр» ауылдық кітапханашысы-Л.Б.Бердібаева барлық балалар мен ұстаздарды құттықтап,Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай лагердің белсенді балаларына мадақтама тапсырып,өзінің тілегін білдірді. Іс –шара барысында балалар патриоттық әндер орындап, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызды жайлы түсініктерін дамытып, өлен-шумақтарын арнады. Іс- шара қызық, мазмұнды және өз дәрежесінде өткізілді.

«Рәміздерім- мақтанышым»