Балалар жылы. Дені сау бала . » №21 ЖОББМ
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№21 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-51-28
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-51-28
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Балалар жылы. Дені сау бала .
05
май
2022

Балалар жылы. Дені сау бала .

Балалар жылына орай 2022 жылдың 25 сәуір күні 10 сынып оқушылары арасында ектеп медбикелері А.Қаналы мен А.Рахымқұлованың қатысуымен емхана жанынан ашылған "Ұшқын" жастар орталығының арнайы дәрігерлермен және психолог мамандарымен кездесу өткізілді. "Ұшқын" жастар орталығының ЗОЖ дәрігері З.Б.Пухамбаева, медбике А.Елеусинова, психолог А.Метеркулова, әлеуметтік қызметкер Ж.Ирмаханбет елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып, ақыл-кеңестер берді. Жас ұрпақтың өмірін қазірден бастап ойлап, олардың бойында, кездесетін қиындықтарды шешіп көмектесу. Кездесу барысында "Ұшқын" жастар денсаулық орталығының дәрігерлері оқушыларға өздерінің ақыл кеңестерін беріп, өз ойларымен бөлісті. Орталықта оқушылар өздерін еркін ұстап, өз ойларындағы сұрақтарына қажетті мәліметтер алды. Сонымен қатар, кездесу барысында оқушылар караоке мен ән айтып, сурет салып, теннис ойнап психологтардың жағымды ойларын тыңдап қайтты.ДТЖО Э.Тайбекова